Абай Құнанбай ұлының мұрасын дәріптеу мақсатында өткен “Әсемпаз болма әрнеге ”атты әдеби-шығармашылық кеш өткізілді.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның рухани мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Балаларды Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнімен таныстырып, адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа, өнерді қастерлеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Көркем сөз оқу, ән айту және шығармашылық өнер арқылы балалардың тіл байлығын, эстетикалық талғамын, сахна мәдениетін және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
Тәрбиеші :Жандовлетова А



